ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Рейтинг
11.08.2025, 10:47
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысында өндіріс саласының «өркендеу дәуірі» жүргізіліп жатыр. Экономиканың қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарқынды дамуы мен инвестиция тартудағы табысты қадамдары еліміздің өзге өңірлерінің қызығушылығын арттыруда. Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Осы ретте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті. 

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық мүмкіндіктері және Ленгір қаласындағы кеңес дәуірінде жұмыс істеп, тоқырау жылдарында тоқтап қалған өндіріс ошақтарының қазіргі жай-күйі таныстырылды. 

Аудан басшысы қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан өндірістік парк пен индустриалды аймақтың болашағына ерекше тоқталып, бұл нысандардың аудан экономикасын дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға айрықша үлес қосатынын атап өтті. Еркеғали Амантайұлы шетелдік және отандық инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын құру және бизнеске жүйелі қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар аудан өндіріс ошақтарын қайта іске қосуға ашық екенін және білікті жұмыс күші жеткілікті екенін атап өтіп, инвесторларға барлық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Тоқтап тұрған өндірістік нысандардың әлеуетін тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті экономиканы жандандыру мүмкін екендігін де ерекше атап өтті. Өз кезегінде инвесторлар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру салаларында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдіріп, аудандағы шахта кен орындарының жұмысымен танысуға қызығушылық танытты. 


Инвестициялар тарту саласында тиімді әрі ынталандырушы KPI айқындай отырып, Инвестициялық саясат тұжырымдамасын өзектендіру тәсілдері мен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру шаралары мақұлданды.

Бұдан басқа ауыл шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар өндіру, машина жасау салаларындағы жекелеген инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

Мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және жобаларды іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.

Жалпы, облыстың инвестициялар және негізгі капиталына тоқталар болсақ, 2024 жылы тартылған инвестиция көлемі – 1 334,9 млрд теңге, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 37,4 % өсті. Олардың ішінде өнеркәсіп секторы бойынша – 428,5 млрд, ал ауыл шаруашылығы – 179,5 млрд теңге көлемге ие болды.

Сондай-ақ 2023 жылы тартылған инвестициялар — 972 млрд теңге (126,1 % жоспарлық деңгейде), оның 705,1 млрд теңгесі жеке секторға тиесілі болған. Тікелей шетелдік инвестициялар шамамен 225,3 млн АҚШ доллары болды.

Қазіргі таңда 2023–2026 жылдарға арналған 3,3 трлн теңге көлеміндегі 194 инвестициялық жоба қалыптастырылған, олар 16 467 жұмыс орнын іске қосумен жоспарланған.

Сұхбат

PhotoRoom