Ұлытау ауданында тұрғындардың спортпен шұғылдануына және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретін бассейн ғимаратының құрылысы қарқынды түрде жалғасуда.
🏗️ Бүгінгі таңда қазандықтың құрылысы жүргізіліп, нысанның ішкі әрлеу жұмыстары атқарылып жатыр.
Жаңа спорт нысаны екі бассейнмен жабдықталады:
Ұзындығы мен ені 12×6 метр, тереңдігі 2 метр болатын бассейн – жасөспірімдерге арналған;
Ұзындығы мен ені 8×4 метр, тереңдігі 1 метр болатын бассейн – балаларға арналған.
Бұл жоба аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, су спортымен айналысуына және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.