20.10.2025 в 11:15

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оның күнделікті жетілдіріліп отырғаны байқалады. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бектілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөльдік» төзімділік таныту арқылы қоғамда осы бағыттағы насихат, түсіндірулер жүргізу негізінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Оған тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке бір болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, халыққа жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірінен саналады.

Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық қоғамды қамту қажет. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаттары:

  • Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа теріс қоғамдық қатынасты қалыптастыру және оған қарсы тұрудың маңыздылығын түсіну.
  • Азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процесіне тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жауапты азаматтық мінез-құлықты қалыптастыруда және қоғамның дамуы үшін қолайлы орта құруда маңызды рөл атқарады. Ол жүйелі тәсілді, қоғамның барлық деңгейлерінің қатысуын және нәтижелерді үнемі бақылауды талап етеді.