ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 487 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Рейтинг
15.10.2025, 11:13
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА 487 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері 487 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Түркістан облысында әрбір сала бойынша индикаторлар бекітіліп, жоспарлар жасалған. Бұл жоспардың орындалуы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған. Оның ішінде ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылып отыр. Себебі ол – облыс экономикасының негізгі драйвері.

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде жыл басынан 487,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 100,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады деп межеленіп отыр. Өндірілген өнім көлемі бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2025-2027 жылдары 67 инвестициялық жоба іске асырылып (270,1 млрд.тг),2 488 жұмыс орны ашылады деп көзделген. Биыл 1 700 жұмыс орнымен 34 жобаны іске асыру жоспарланса, жыл басынан 22 жобаіске қосылып, 935 жұмыс орны құрылды.

 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы өткен жылдан 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға (2024 ж. – 872,5 мың га) егілді. Астықты ору науқаны маусым айынан басталып, бүгінгі күнге 100 пайыз орылды. Бүгінгі күнге 9 мың тонна мақсары, 791 мың тонна көкөніс, 1,1 млн. тонна бақша, 234 мың тонна картоп өнімдері жиналды.

Биыл 5,2 млн тонна малазықтық дақылдарын жинау жоспарланса, қазір 4,5 млн тонна азық дайындалды (86%). Жалпы облыста жиын-терім жұмыстары жоспарға сайжүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға басымдық беріліп жатыр.
       
Түркістан облысында, жалпы мал шаруашылығын дамытуда 25 бағыт бойынша қолдау көрсету жүзеге асырылуда. 2024 жылдан бастап, бағдарлама арқылы асыл тұқымды аналық мал басын сатып алуға басымдық берілген. 2023 жылмен салыстырғанда асыл тұқымды ірі қара мал саны 117 пайызға өссе, ұсақ мал саны 3,9 есе артқан, жылқы басы 101,2 пайызға жеткен. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша 2023 жылы – 1,3 млрд. теңге, 2024 жылы – 1,85 млрд. теңге, 2025 жылы – 1 млрд. теңге бөлінген. Бағдарлама өңіріміздің тамақ өнімдерінің көлемін арттыруға ықпал етіп жатқаны айтылды.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында, биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 189,8 мың тонна минералды тыңайтқыштармен қамту жоспарланып, бұл мақсатқа бюджеттен 12,2 млрд. теңге бөлінген. Жоспар толық орындалып, егіс алқаптары 206 мың тонна минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етіліп, оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе артқан. Республика бойынша ірі қара малдың – 13, ұсақ малдың – 22, жылқының – 11 және түйенің – 14 пайызы Түркістан облысының еншісінде екені айтылып, биылғы сегіз айда 123 мың тонна ет, 367 мың тонна сүт, 177 млн. дана жұмыртқа өндірілген.
        «Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау» бағдарламасы арқылы 4,4 млрд. теңге қаржы қаралған. Бағдарлама арқылы жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың нәтижесінде жылыжай өнімдерінің бағасы тұрақты болған, егіс пен алынған өнім көлемі артып жатқаны мәлімделді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2023 жылы жылыжай шаруашылықтарында 78 мың тонна өнім алынса, бүгінде оның көлемі 101,5 мың тоннаға жеткен.

Сұхбат

PhotoRoom