ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ

Рейтинг
05.10.2025, 11:00
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ

Өндірісті дамыту арқылы ғана өзіндік кірісті молайту мүмкін. Өндірісті дамыту үшін ең әуелі әрине инвестиция тарту қажет. Инвесторлардың көмегімен жаңа өндіріс орнын ашып, жұмыссыз жандарға тұрақты қызмет те табылады деген сөз. Біздің елдегі әлеуметтік - экономикалық және саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық заңнамалар шетелдерден инвесторлардың көптеп келуіне септігін тигізіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді.⠀

Бүгінде Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, өңірдегі инвестициялық ахуалды және бизнес климатты жақсарту жұмыстары жалғасып келеді. Өткен жылы Түркістан облысының экономикасына 972 млрд. теңге тартылып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 126,1%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар 705,1 млрд. теңге болса, бюджеттік инвестициялар – 266,9 млрд. теңге. 

 

Келес ауданында өндірістік парк салу жұмыстары басталып, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған нақты қадамдар жүзеге асуда. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңірдегі аудандар мен қалаларда өндірістік парк құру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта Келес ауданында өндірістік парк салу жұмыстары басталып, өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған нақты қадамдар жүзеге асуда. Ол үшін аудандағы Абай ауылынан 10 гектар жер учаскесі бөлінді. Бүгінде аталған жерге нысанды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Керуен» ЖК аукцион арқылы 2 гектар жер учаскесін сатып алып, жер бедерін тегістеу жұмыстарын толық аяқтады. Жалпы, бұл аймақта 20 гектар жер учаскесін аукционға шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндірістік ғимараттар салуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 9 гектар жер учаскесі 1 гектардан бөлініп, ұсынылатын болады. Бүгінде өндірістік парк аумағында бір кәсіпкер 3 ғимарат, ал екі кәсіпкер 2 ғимараттан салуды жоспарлап отыр.

 Бұл жоба Абай ауылын жаңа индустриялық өңірге айналдырып, аудан экономикасын көтеруге оң әсерін тигізбек. Жобаны уақтылы жүзеге асыру, инфрақұрылым жеткізу және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар аудан әкімдігінің қатаң бақылауында болады.

 Басты мақсат – инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындары ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвесторларға инфрақұрылымы бар дайын аймақ ұсыну, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру.

        
Еліміз инвестиция көлемі бойынша посткеңестік кеңістікте көш бастап тұр. Орталық Азия елдеріне тартылған барлық инвестицияның 61 пайызы бүгінде Қазақстанға тиесілі. Пандемия кезінде де негізгі капиталға салынған қаржы 17,2 млрд долларға жетті. Ал былтыр бірінші жарты жылдықта ел экономикасына 13,3 млрд доллары көлемінде инвестиция құйылған. Қаражаттың көбі Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай елдерінен тартылды.

Былтыр облыс аумағында 126,9 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жоба іске қосылды. 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын, жалпы құны 3,3 трлн. теңгегені құрайтын 173 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған.
Өткен жылы шетелдік және отандық компаниялармен 94-тен астам кездесу мен келіссөз жүргізілді. Қытайға, Өзбекстан және Австралия елдеріне кәсіпкерлермен бірге іссапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде жаңа жобаларды жүзеге асыру, жұмыс істеп тұрған зауыттарды кеңейтуге 1 трлн. теңгеге жуық инвестиция құйылуда. Биыл облыстық делегация Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран және Вьетнам елдеріне іссапар жасайды деп жоспарланып отыр.

2024 жылы жалпы құны 142,4 млрд. теңгені құрайтын 2 233 жаңа жұмыс орнын ашумен 59 инвестцииялық жобаны іске асыру көзделген. Бүгінде жалпы құны 76 млрд. теңгеге 866 жұмыс орны құрылып, 25 инвестициялық жоба іске қосылып үлгерді. Бұдан өзге Жалпыұлттық пул аясында 2024-2027 жылдар аралығында жалпы құны 1,5 трлн. теңгеге 8 114 жұмыс орнын ашатын 23 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылып, Ұлттық цифрлық платформаға енгізілді.

 

Сұхбат

PhotoRoom