Ұлытау облысы құрама командасының қоржынында – 1 алтын, 2 қола жүлде

Рейтинг
21.09.2025, 20:18
Ұлытау облысы құрама командасының қоржынында – 1 алтын, 2 қола жүлде

2025 жылдың 4–9 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында VI Жастар спорт ойындары аясында таеквондодан (WT) ел біріншілігі өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін бұл айтулы жарыс еліміздің болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларын бір алаңға тоғыстырып, жоғары деңгейдегі бәсекелестіктің алаңына айналды.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан жалпы саны 255 үздік спортшықатысып, өз өңірлерінің намысын қорғады. Олардың қатарында 2008–2010 жылдары туған, 14–17 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынады.

Ұлытау облысынан 8 спортшы қатысып, өңір намысын абыроймен қорғады. Команданың сапында облыстық мамандандырылған спорт мектептерінің үздік шәкірттері мен тәжірибелі бапкерлердің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Жарыстың үшінші күнінде ОМОРБЖМ түлегі, ЖСШМ спортшысы Серік Жарқын аса ауыр салмақ дәрежесінде (78+ кг) тамаша өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Ал 73 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Баракпаев Сержан қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Ұлытау облысына алтын медаль сыйлады.

Жарыстың соңғы күнінде ОМОРБЖМ спортшысы Айғаным Муканғалиева 42 кг салмақ дәрежесінде үш тартысты жекпе-жек өткізіп, жоғары шеберліктің үлгісін көрсетті. Ол да өз қарсыластарынан басым түсіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегінің, бапкерлердің кәсіби даярлығының және облыстық спорт басқармасының жүйелі қолдауының нәтижесі. Ұлытаулық жас спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, өздерінің жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Ұлытау облысының спорт саласындағы мұндай табыстары өңірдегі бұқаралық және кәсіби спорттың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта жас спортшылар халықаралық ареналарда да ел атын асқақтатып, жаңа белестерді бағындырады деген сенім мол.

Сұхбат

PhotoRoom