САПАЛЫ БІЛІМ, САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ – ТАБЫСТЫ ҰЛТТЫҢ КЕПІЛІ

Рейтинг
26.09.2025, 19:29
САПАЛЫ БІЛІМ, САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ – ТАБЫСТЫ ҰЛТТЫҢ КЕПІЛІ

Елдің ертеңі – білімді, дені сау, мәдениетті ұрпақтың қолында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында білім мен ғылымды дамыту – Қазақстанның табысты болашағының негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл ұстаным мемлекеттің ұзақмерзімді дамуы мен ұлттық құндылықтардың сақталуы үшін стратегиялық маңызға ие.

Сапалы білім беру жүйесі – тек мектептегі пәндерді оқыту ғана емес, ол – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатта елімізде «Жайлы мектеп», ауылдық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, мұғалімдердің мәртебесін көтеру сынды ауқымды реформалар қолға алынды.

Білім – мәдениетпен, спортпен, туризммен және шығармашылықпен тығыз байланысты. Салауатты өмір салтын ұстану, бұқаралық спортқа тарту, балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ашу – қазіргі заманның басты талаптары. Мемлекет осы бағыттарға жыл сайын қолдау көрсетіп келеді. Мектептер мен мәдениет үйлерінде түрлі үйірмелер мен секциялар ашылып, дарынды балаларға арналған жобалар жүзеге асуда.

Ұрпақты тәрбиелеуде тарихи жадымызды сақтау да маңызды. Жеңістің 80 жылдығы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Тәуелсіздік күні сияқты тарихи даталар – жастарға елдің өткені мен өр рухын танытатын тәрбиелік мәні зор шаралар. Бұл күндерді кең көлемде атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау – ел бірлігін нығайтуға ықпал етеді.

Мәдениет, спорт және креативті индустрия – жастарды тәрбиелеудің, олардың болашағын айқындаудың маңызды құралдары. Ауыл мен қаладағы тең мүмкіндіктер, заманауи инфрақұрылым мен шығармашылық еркіндік – табысты ұлт қалыптастырудағы негізгі факторлар.

Білім беру, мәдениет пен спортты ұштастыра отырып, біз саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелейміз. Бұл – елдің келешегіне салынған ең сенімді инвестиция. Сапалы білім мен рухани байлық – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі.

Сұхбат

PhotoRoom