Ұлытау облысында 13 қыркүйек пен 12 қазан аралығында қалалар мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру мақсатында күзгі экологиялық бір айлық жарияланды.
Аталған айлық шеңберінде ұйымдастырылған жалпыоблыстық сенбілікке «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңірдің 976 ұжымы қатысып, 7209 азамат тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Іс-шара барысында 105 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 2200 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар, 433 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 1825 ағаш санитарлық қырқудан өтті.
Бұл бастама облыс тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамда табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етті.
Мұндай ауқымды акциялар өңірдің тұрақты дамуына, экологияны жақсартуға және азаматтық белсенділікті арттыруға зор үлес қосады.