Жезқазған қаласында Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл құжат – өңірдің әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен қадамдардың бастауы.
Меморандум аясында тараптар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға нақты көмек көрсету, қайырымдылық жобаларын іске асыру мен қаржыландыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге уағдаласты.
Іс-шара барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков меморандумның маңызын атап өтті:
«Бұл келісім – өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты көрінісі. Бүгінде облысымызда бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қажеттілік бар. Қор тарапынан көрсетілетін қолдау арқылы біз сол бастамаларды нақты іске айналдыра аламыз», – деді өңір басшысы.
Ынтымақтастықтың басым бағыттарына мыналар кіреді:
«Қазақстан халқына» қоры – еліміздегі ең ірі қоғамдық қайырымдылық ұйымдарының бірі. Қор қызметінің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсету. Қор өкілдері меморандум аясында ұсынылатын жобаларды сараптап, тиісті қаражат бөлуді және жобалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететіндерін айтты.
Қорытындылай келе, бұл ынтымақтастық Ұлытау облысының әлеуметтік даму деңгейін жаңа белеске көтеріп, нақты әрі тиімді бастамалардың жүзеге асуына жол ашады. Меморандум аясында алғашқы бірлескен жобалар 2026 жылға дейін іске асырылмақ.