Қазақстанның дәл жүрегінде орналасқан Ұлытау облысы бүгінде тек тарихи және мәдени орталық қана емес, сонымен қатар болашағына сенімді, тұрақты дамып келе жатқан өңір ретінде жаңа тынысқа ие болып отыр. Бұл аймақ бүгінде өз әлеуетін барынша іске асырып, еліміздің басқа облыстары мен мегаполистеріндегі азаматтарға жаңа өмір бастауға тамаша мүмкіндік ұсынып отыр.
Мемлекеттік қолдау — қоныс аударушыларға сенімді тірек
«Еңбек» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысына еліміздің оңтүстік өңірлері мен мегаполистерінен (Алматы, Шымкент, Астана қалалары, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Жетісу облыстары) азаматтар қоныс аударып, жұмысқа орналасып, жаңа өмір бастай алады.
Мемлекет тарапынан ұсынылатын негізгі қолдау түрлері:
- 70 АЕК (257 240 теңге) мөлшерінде әр отбасы мүшесіне біржолғы субсидия;
- Ай сайын 117 960 теңгеге дейін тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтер үшін бір жылдық өтемақы;
- Жеке тұрғын үйдің құнының 50%-ына дейінгі өтемақы (4,5 млн теңгеден аспайды);
- Жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылым: балабақша, мектеп, аурухана, спорт кешендері.
Бұл тек қаржылай емес, әлеуметтік бейімделу тұрғысынан да үлкен қолдау. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жас мамандар мен еңбекке қабілетті жастағы азаматтарға бағытталған.
Кәсіп пен карьера — Ұлытауда
Облыста 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылған. Олардың ішінде:
- Білім беру, денсаулық сақтау, IT, мәдениет, спорт, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларындағы мамандар;
- Жұмысшы мамандықтар (жүргізуші, құрылысшы, электрик, дәнекерлеуші және т.б.);
- Жаңа салаларда – креативті индустрия мен цифрлық технологиялар бойынша ашылған жұмыс орындары.
Ұлытауда тек мемлекеттік қызметте ғана емес, жеке секторда да үлкен сұраныс бар. Сонымен қатар, жастарға арналған стартап жобалар мен кәсіпкерлікті дамыту үшін түрлі бағдарламалар іске асырылып келеді.
Медицина қызметкерлеріне – ерекше қолдау
Ұлытау облысы ауылдық және қалалық деңгейде медицина қызметкерлеріне ерекше жағдай жасайды:
- Ауылдық елді мекендерге келген дәрігерлерге 5–8 млн теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетіледі;
- Қызметтік тұрғын үй, көтерме қаражат, тұрақты жалақы ұсынылады;
- Жас мамандар үшін арнайы бейімделу бағдарламалары жүзеге асып жатыр.
Қосымша ақпарат: 8 708 717 0233
Жаңа өмірге жол ашық!
Ұлытау облысы – жаңа мүмкіндіктер, сенімді қолдау, сапалы өмір сүру ортасы. Егер сіз өз болашағыңызды, отбасыңыздың тұрақты тұрмысын және кәсіби дамуыңызды мықты өңірмен байланыстыруды қаласаңыз — Ұлытау сізді күтеді!
Өтініштер www.migration.enbek.kz порталы арқылы қабылданады
Байланыс нөмірлері:
☎️ 8 708 070 0607
☎️ 8 707 918 9806