Жезқазған қаласындағы есу спорты мектебі соңғы үлгідегі қайықтар мен жабдықтармен толықты. Бұл жаңарту облыстық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асты.
Спорт мектебіне академиялық есуге арналған жекелей және қосарланған қайықтар, байдарка мен каноэнің заманауи үлгілері, жаттығуға қажетті арнайы ескектер мен тренажерлар сатып алынды. Жақын күндері соңғы технологиямен жасалған жаңа каноэ қайықтары жеткізіледі деп күтілуде.
Мұндай ауқымды жаңғырту өңірде соңғы рет 2018 жылы жүргізілген болатын.
Спортшылар үшін әлемдік деңгейдегі құрал-жабдықтардың қолжетімді болуы олардың халықаралық ареналарда лайықты өнер көрсетуіне, тіпті Олимпиада ойындарына қатысуына жол ашады.
Ұлытау облысы әкімдігі бұл бастама арқылы өңір жастарын спортқа баулуды, салауатты өмір салтын насихаттауды және есу спортының бұқаралық сипат алуына жағдай жасауды мақсат етіп отыр.