Әрбір қадам – өңір дамуына үлес

Рейтинг
17.09.2025, 10:46
Әрбір қадам – өңір дамуына үлес

2025 жылғы 12 қыркүйекте Жезқазған қаласы әкімдігінде қала әкімі Қайрат Шайжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айқындалған басым бағыттар негізінде Жезқазған мен жалпы Ұлытау өңірінің даму стратегиясын айқындау.

Жиынға мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік құрылым қызметкерлері, ардагерлер мен жастар белсенділері қатысты. Қатысушылар Жолдауда көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, экологиялық «Таза Қазақстан» республикалық акциясын кеңейту, шағын бизнесті орта деңгейге көтеру үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының қызметіне цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қозғалды.

Шарада сөз алғандар бұл бастамалар халықтың өмір сапасын жақсартуға, өңірдің инвестициялық және әлеуметтік тартымдылығын арттыруға ықпал ететінін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom