2025 жылдың 16 қыркүйегінде Жезқазған қаласында «Фандрайзинг – үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы» тақырыбында Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті. Іс-шара азаматтық қоғам институттарын нығайтуға және мемлекет, бизнес пен үшінші сектор арасындағы әріптестікті дамытуды мақсат етеді.
Форумда фандрайзингтің заманауи тетіктері, дәстүрлі және цифрлық қаржы тарту әдістері, сондай-ақ ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық тәсілдер талқыланды.
Бағдарлама аясында панельдік сессиялар мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Қатысушылар жасанды интеллектіні фандрайзинг саласына енгізу, қаржы тартудың тұрақты үлгілерін қалыптастыру, донорлармен өзара іс-қимыл және ҮЕҰ-ның креативті жобаларын қолдау тақырыптарына тоқталды.
Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, ҚР Конституциялық Соты, «Қазақстан халқына» қоры, қоғамдық ұйымдар, бизнес және БАҚ өкілдері, депутаттар мен өңірлік әкімдіктер қатысты.
Іс-шара азаматтық сектордың рөлін арттырып, өңірде ҮЕҰ-ның орнықты дамуына серпін беретін маңызды диалог алаңына айналды.