Президент Жолдауын іске асыру аясында туризм мен креативті индустрияны дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды

Рейтинг
11.09.2025, 17:18
Президент Жолдауын іске асыру аясында туризм мен креативті индустрияны дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды

Ұлытау облысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша кеңейтілген жиын өтті.

 

Іс-шараға облыс әкімі Дастан Рыспеков, мемлекеттік орган басшылары, мәслихат депутаттары, сарапшылар, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Жиында ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық құжаттағы негізгі бағыттар сараланып, өңірлік деңгейде жүзеге асыру тетіктері қарастырылды.

 

🔹 Креативті индустрия мен цифрландыру – даму драйвері

 

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде іске асырылып жатқан жасанды интеллектке негізделген инновациялық жобалар туралы баяндады. Атап айтқанда:

 

  • Scout AI, DocGuard AI, Talapker AI, WorkClock – құжат айналымын оңтайландыру, білім беру сапасын арттыру және еңбек өнімділігін жетілдіру мақсатында енгізіліп жатқан жобалар;
  • VisionGuardAI – әлеуметтік нысандарда қауіпсіздік мониторингі үшін қолданылып жатқан бейнебақылау жүйесі;
  • Mindia мета-платформасы – «109» байланыс орталығының жұмысын автоматтандыру арқылы азаматтардың өтініштерін жедел әрі сапалы өңдеуге мүмкіндік береді;
  • ЖИ-аудармашы, «Протокол» жүйесі – мемлекеттік құжаттарды екі тілде сапалы аудару мен жиын материалдарын мәтінге айналдыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруда.

 

Аталған жобалар – өңірде креативті индустрияны дамытудың нақты қадамдары ретінде бағаланып, жас мамандар мен ІТ-қоғамдастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

 

🔹 Туризмді дамыту – ұлттық мұраны насихаттау

 

Жиында сондай-ақ Ұлытау өңірінің туристік әлеуеті туралы ақпарат берілді. Туристік гид Сағдат Мұхамбетов облыстың тарихи және табиғи нысандарын таныстырып, олардың ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейде де маңыздылығына тоқталды.

Негізгі нысандар қатарына:

Жошы хан және Алаша хан кесенелері

  • Ақжар борлы шатқалы
  • Бұланты шайқасы өткен тарихи мекендер кіреді.

 

Бұл нысандар Ұлытаудың қасиетті орындар картасына енгізіліп, ішкі және сыртқы туризмді дамыту бағытында белсенді насихатталуда.

 

🔹 Қоғамдық маңызы бар іс-шараны ақпараттық сүйемелдеу

 

Президент Жолдауын талқылауға арналған бұл жиын – өңір үшін маңызды саяси-стратегиялық іс-шара болды. Жиын барысында облыс басшысы Дастан Рыспеков жолдауда белгіленген міндеттерді өңірлік деңгейде жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Бұл – жолдаудағы бағыттардың жергілікті жерде ақпараттық және практикалық түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Сұхбат

PhotoRoom