24.09.2025 в 10:01

ҰЛЫТАУ ЖҮРЕГІНДЕ – МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

Түгіскен ауылында ауқымды жоба іске қосылды

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін ірі жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімдігі мен “Ұлытау” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен қолға алынған бұл бастама көркем Түгіскен ауылында орналасқан.

 

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

  • Мал басы: 12 900 бас қой
  • Жалпы құны: 1,7 млрд теңге
  • Өз қаражаты: 268 млн теңге

 

Қаржыландырудың негізгі бөлігі – 1 млрд 66 млн теңге – асыл тұқымды ұсақ мал сатып алуға бағытталса, 353 млн теңге ауыл шаруашылығы техникасын алуға жұмсалған. Нәтижесінде, 500 асыл тұқымды қошқар мен 12 400 Еділбай тұқымды қой, сондай-ақ 60-тан астам заманауи техника сатып алынды.

 

Құрылым мен қамту:

  • 30 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды
  • 24 шаруа қожалығы біріктірілді
  • 2 ауылдық округтің тұрғындары тартылды
  • 40-тан астам ауыл шаруашылығы маманы жобада еңбек етуде

 

Жобаның негізгі мақсаттары:

  • Бордақылау алаңдарын құру
  • Сапалы мал өнімдерінің тұрақты түсімін қамтамасыз ету
  • Өңірдің аграрлық әлеуетін дамыту

 

Бұл жоба – тек мал шаруашылығын дамыту ғана емес, сонымен қатар ауылдағы өмір сапасын арттыру, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған нақты қадам.

Ұлытау төрінде жүзеге асырылып жатқан бұл бастама – өңір үшін жаңа мүмкіндіктер мен берекелі болашақтың кепілі.