Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы он ұлттық жобаны мақұлдаған болатын. Ол тізімге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы да кіреді. Президент Тоқаев ұлттық жобаның негізгі міндетін көрсетіп, ел қауіпсіздігін сақтау басты мақсат екенін атап айтты. Халықтың болашағы оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Қауіпсіздік – азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы ететін біраз аспектілерді қамтитын күрделі түсінік. Осыған орай ел қауіпсіздігі үшін бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы қабылданған еді.
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы – Мемлекет басшысы айқындаған Ұлттық даму жоспарына, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және басқа да міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатын, еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді стратегия. Осы негізде ұлттық жоба аясында елімізде ауыр қылмыстар көрсеткіші мен құқық бұзушылықтар саны азайған. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық қылмыстарының ашылу көрсеткіші жоғары. Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күресу бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Есірткі сатудың 33 фактісі ашылып, 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы 10 жылда облысымызда нашақорлар саны 960-тан 740-қа дейін кеміген.
Сонымен қатар ұлттық жобаның маңызды көрсеткіштерінің бірі – 50 типтік кешен. Жоба барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери қызметшілеріне арналған тұратын кешендер салмақ. 2021 жыл мен 2025 жылдары 71 миллиард теңге қаражатқа жобалап, құрылыс жұмыстарын бастау қолға алынған.
Ұлттық жоба – ел азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама. Ол қылмыс пен терроризмге қарсы күрестен бастап, жолдар мен киберкеңістіктегі қауіпсіздікті жақсартуға дейінгі кең ауқымды қамтиды.
«Қауіпсіз ел» жобасының негізгі мақсаттары:
- қылмысты азайту: азаматтар үшін қауіпсіз жағдай жасау, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыс санын азайту;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру: жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілерді оқыту жүйесін жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу;
- киберқауіптерден қорғау: елдің киберқауіпсіздігін күшейту, кибершабуылдар мен киберқылмыстан қорғау, халықтың киберсауаттылығын арттыру;
- экстремизм мен терроризмнің алдын алу: экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру, жастармен жұмыс, шекаралық бақылауды күшейту және интернеттегі экстремистік насихатқа қарсы тұру;
«Қауіпсіз ел» – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Жерімізде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін қажетсінетін жоба.
«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы іс-шаралары жалпыұлттық басымдықтарға және елімізді дамытудың ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіштеріне, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және мемлекет басшысы айқындаған басқа да міндеттерге қол жеткізу үшін аса маңызды тапсырмаларды белгіленген мерзімде шешуге бағытталған.
Ұлттық жобада мынадай негізгі бағыттар көзделген:
- Қарулы Күштерді жаңғырту;
- азаматтық қорғаның мемлекеттік жүйесін дамыту;
- шекара қызметі әскери қызметшілерінің қызмет өткеру сапасын, ішкі істер органдарының жүйесін және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін арттыру.
«Қауіпсіз ел» жобасы – жаңа сын-қатерлер мен қауіпсіздік қатерлеріне бейімделетін серпінді және үнемі дамып отыратын механизм. Алдағы уақытта ұлттық жоба негізінде төмендегідей жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда:
- жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін қолдана отырып, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру;
- көлік және коммуникация саласындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру;
- қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту;
- тұрғындар арасында қауіпсіздік техникасы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.