ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕТІСАЙДА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Рейтинг
01.09.2025, 15:04
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖЕТІСАЙДА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ

Жетісай ауданы Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан аграрлық аймақ. Ауданның ауыл шаруашылығы саласы маңызды рөл атқарады және соңғы жылдары айтарлықтай даму көрсеткіштеріне ие. Жетісай ауданының ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 86 337 гектарды құрайды. Оның ішінде 77 045 гектар жер егістікке, оның ішінде 77 045 гектар жер суармалы егістікке арналған. Ауданның суармалы жерлері Сырдария өзенінен бастау алатын Тәуелсіздік каналы мен басқа да ірі каналдар арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Жетісай ауданында өсімдік шаруашылығының негізгі дақылдары мақта, бақша, көкөніс және мал азықтық дақылдар болып табылады. 2023 жылы аудан бойынша 78,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 44 мың гектардан астам жерге мақта, 21 мың гектарға бақша, 10,1 мың гектарға мал азықтық дақылдар, 3 мың гектарға көкөніс және басқа да дақылдар егілді.

 

Нұралхан Көшеровтің тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов түрік инвесторларымен кездесті. Жетісай ауданында инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасын жүзеге асыру аясында аудан әкімі Серік Мамытов түрік инвесторларымен кездесті. «Горкем Тарым» компаниясының басшысы Горкемоглу Факуруллахпен кездесу барысында қос тарап өндірістік жылыжай мен көкөніс сақтау қоймасын салу, ауданда өндірілетін жеміс-жидектерді шет елдерге экспорттау, бау-бақша өсіру және мол өнім беретін көшеттерді тасымалдау секілді мәселелерді талқылады.

 

Өз кезегінде Серік Үсенұлы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын ауданда қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу мүмкіндігі мол екенін, шаруалар мақтамен қатар бақша өнімдерін де көптеп егетінін, шикізат тапшылығы сезілмейтінін айтып, аудан экономикасының артуына септігін тигізетін кез-келген инвестициялық жобаларға заң аясында қолдау көрсетуге, тиісті жұмыстардың ешбір кедергісіз жүргізілуіне ықпал етуге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жыл сайын кәсіпкерлерге жасалатын мемлекеттік қамқорлықтар мен берілетін несиелердің суммаларының артуы нәтижесінде соңғы 5 жылда ауданға 90,2 млрд теңгенің инвестициясы тартылса, 2030 жылы бұл көрсеткішті 419,6 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Өткен жылдың өзінде жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 262 жаңа жұмыс орны ашылған.

 

Жетісай ауданында соңғы бес жылда 90,2 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024-2030 жылдар аралығында 419,6 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұдан бөлек, аудан аумағында құны 8,2 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 959 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, алдағы жылдары жүзеге асатын құны 25,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар аясында 1 803 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, Асықата кентінен 50 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриялық аймағын ашу жоспарлануда. Аталған индустриялық аймақта жалпы құны 47,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба орналасады. Онда 1 862 жаңа жұмыс орнын құрылады деген сөз.

 

Биылғы жылы ауданда 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 200 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Сонымен қатар, биыл 1,2 гектар жерге жылыжайлардың құрылысы салынып, олардың көлемі 23 гектарға жеткен. Бүгінгі таңда 2 809 гектарды құрайтын мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарына тамшылатып суғару технологиясы ендірілген. Сондай-ақ, мақта дақылынан 105 мың тонна өнім алынған. 

Айта кетейік, бүгінде ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінен 600 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандағы Ш.Ділдабеков, Жаңа ауыл, Атамекен, Жетісай қаласы «Ауыл аманаты» бағдарламасына еніп отыр. Осы ретте жалпы 200 жобаға 980,5 млн. теңге несие беру жоспарланған. 

 

Сұхбат

PhotoRoom