Ұлытауда «5000 бас қой өсіру» ауқымды жобасы басталды

Рейтинг
25.08.2025, 08:08
Ұлытауда «5000 бас қой өсіру» ауқымды жобасы басталды

Өңірде ауыл шаруашылығына серпін беретін маңызды бастама іске қосылды. 
Жоба «Агроөнеркәсіптік кешен» бағдарламасы аясында жүзеге асуда, ал оның Сенімді өкілі – «ҰЛЫТАУ» ӘКК» АҚ.

Несие шарттары – барынша қолайлы: жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге, 5 млрд теңгеге дейін.

Жобаның мақсаты:
✅ мал шаруашылығын дамыту, өнімділікті арттыру
✅ ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу
✅ отандық өндірістің сапалы етімен ішкі нарықты қамтамасыз ету

Бөлінетін қаржыға 5000 бас қой мен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Бұл қадам өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, ауыл экономикасын өркендетуге үлес қосады.

📍 Толығырақ ақпарат пен кеңес алу үшін: Жезқазған қ., Бейбітшілік даңғ, 23а
📲 +7 708 768 3821
 

Сұхбат

PhotoRoom