«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Рейтинг
19.08.2025, 16:32
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

Бүгін Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру.

 Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті:

​Жезқазған қаласында «Таза қала» акциясы жастар, еріктілер мен қала тұрғындарыныңқатысуымен Алашахан даңғылы бойында ұйымдастырылып, орталық көшелері тазаланды.

​Сәтбаев қаласында «Аялы Жер - Таза Жер» атты іс-шара Спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп, тұрғындармен қатар қоғамдық ұйым өкілдері экологиялық мәдениетті насихаттады.

​Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде ақсақалдар кеңесі, мәслихат депутаттары мен жастардың белсенді қатысуымен саябақтар мен демалыс орындары тазартылды.

​Жаңаарқа ауданында «Таза аудан» акциясы аясында орталық алаң мен қоғамдық орындарда сенбілік өтті.

​Ұлытау ауданында, Ембұлақ өңірінде жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.

Акцияға мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, блогерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар және еріктілер қатысты. Сондай-ақ, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері ақпараттық қолдау көрсетті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 2025 жылдың басынан бері 7 облыстық және 8 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» шарасы өткізіліп келеді.

2025 жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына 44 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ 870 арнайы техника бірлігі жұмылдырылып, 3520 тонна қоқыс шығарылды.

#ТазаҚазақстан #тұрақтыдаму #тазақазақелі #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan#Ұлытауоблысы

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom