Жезқазғандағы «Металлург» стадионында 6000 жаңа орындық орнатылады

Рейтинг
16.08.2025, 14:47
Жезқазғандағы «Металлург» стадионында 6000 жаңа орындық орнатылады

Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ әлеуметтік жауапкершілік аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа облыс әкімінің орынбасары А. Ыдырысов, ал банк атынан басқарма төрағасының орынбасары Н. Мұқышев қол қойды.

Меморандум аясында Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында 6000 жаңа орындық орнату жоспарланып отыр. Бұл жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға серпін береді.

Сұхбат

PhotoRoom