Елдің болашағы оның қауіпсіздік қызметіне тығыз байланысты. Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе болып есептеледі. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Айтылған қорғаныс мәселелеріне байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылы он ұлттық жобаны бекіткені белгілі. Сонымен бірге, Қарулы Күштердіақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану ауқымын кеңейту, әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелеріне жеке назар аударылуда.Бұл ретте сыни тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға қабілетті, қазіргі заманғы үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау мәселесі де өзекті болып отыр. Осы жұмысты күшейту мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің және алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланысты кеңейту маңызды. Біз әлемдегі әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне куә болып отырмыз. Одан әрі қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатердің бар екенін айқын көрсетеді. Қарулы Күштер үздік қазіргі заманғы әскери стандарттарға сәйкес болуға маңызды. Осы мақсатта әскери қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттар бекітілген. Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы 2021 жылғы тамызда Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын бекіткені де белгілі.Осыған байланысты, Қазақстанда әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірленді. Бұл – 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының «Елдің қорғаныс қабілетін нығайту» бөлімі, жаңа Ел қорғанысы жоспары құжаттарының жиынтығы, жаңа 2030 жылға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасы.
Тұжырымдаманы іске асыру тетіктерінің бірі Президент бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы болып табылады. «Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында өңірдегі әскери-саяси ахуалдың өзгеруін, одан әрі орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттің әскери қауіпсіздігін ұйымдастыру пайымын ескере отырып, Әскери доктринаны қайта әзірлеу бойынша тапсырма берді. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы мәні мен маңыздылығы тұрғысынан ойып тұрып орын алады десек болады. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатардағы өзекті мәселе екенін естен шығармаған жөн. Оның үстіне, Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, өз халқының ұлттық мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуы тиіс.