11.08.2025 в 10:45

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАҢА СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында жүзеге асатын жаңа сәулеттік жобалар талқыланды. Түркістан облысында құрылыс қарқыны өте жоғары. Биылғы 6 айда өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 230,3 млрд теңгені құрап, 25,1 пайызға артқан. Жыл басынан бері 438,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған. Нысандардың сәулеттік үлгілері облыс әкімдігіндегі арнайы кеңесте тұрақты түрде талқыланып тұрады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті кеңес отырысында да бірқатар жобалар сараланды.

– Біз инвестициялық жобаларға, жаңа нысан салам деуші азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеміз. Бірақ кәсіпкерлер жерді алған соң құрылысты уақтылы жүргізулері тиіс. Созбалаңға салуға жол берілмейді, – деді Нұралхан Көшеров.

Сәулеттік жобалар кеңесінде Түркістан қаласы мен аудан, қалаларда салынатын жаңа ғимараттардың сыр-сипаты талқыға түсті. Бірқатарына тоқталсақ, мейрамхана салу, монша мен көлік жуу бекеті, Шардарадағы жағажайды абаттандыру, Балықты көл жобасы, аудан, қалалардағы базарларды қайта құрылымдау және өзге де мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Кейбір ұсыныстар қолдау тапса, бірқатарын жетілдіру жөнінде тапсырма берілді.

Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді.  Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.

Түркістан қаласы күн санап дамып, жаңа нысандар бой көтеруде. Алайда кез келген құрылыс заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысыжобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Құрылыс – тек қала көркі ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде. Мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мына деректер анықталды: 

112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. 

Жалпы, қазақ сәулет өнері ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ұлттық саласы.

Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендейді. Түркістан қаласы көптеген әсем сәулет ескерткіштерімен әйгілі. Солардың ішіндегі ең көрнектісі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Оны зиярат ететін екінші Мекке деп те атайды. Алтын Орданы жеңу құрметіне әмір Темірлан Қожа Ахмет Яссауиге зәулім ғимарат – кесене тұрғызуға шешім қабылдаған. Ясы қаласының (бұрынғы атауы Түркістан) қақ ортасында бұрын-соңды болмаған құрылыс басталып, оған әрбір азамат атсалысқан.

Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.