11.08.2025 в 10:27

Жезқазғанда Абайға тағзым шарасы өтті

Ұлытау облысының орталығында ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мәдени шара өтті. Наурыз саябағындағы Абай ескерткіші маңында ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Абай рухына тағзым етіп, оның қазақ руханиятына қосқан зор үлесін құрметпен еске алды. Рәсім аясында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ұлттық рухты дәріптеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шарада Абайдың өлеңдері оқылып, ұлттық әндер мен билер орындалды. Бұл кеш көрерменге халқымыздың бай мәдени мұрасын, ынтымақ пен бірліктің қадірін терең сезіндіре түсті.