31.07.2025 в 13:22

Ұлытау облысының жас мергендері садақ атудан Қазақстан чемпионатында топ жарды

2025 жылдың 19-25 шілде аралығында Петропавл қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі Қазақстан Республикасының чемпионатында Ұлытау облысының құрама командасы жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.

Команданы жарысқа жаттықтырушы-бапкерлер Сағынғали Бекетаев пен Ғалымжан Қалманбай дайындады.

Жарыс қорытындысы бойынша Ұлытау облысы келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • 5 алтын
  • 1 күміс
  • 5 қола

Жекелеген нәтижелер төмендегідей:

  1. Марат Жансұлтан – алтын медаль (қалқан нысанасы) және алтын медаль (пута нысанасы);
  2. Самат Бейбарыс – алтын медаль (пута нысанасы);
  3. Құрманғали Райхан – алтын медаль (пута нысанасы);
  4. Нәрік Медина – алтын медаль (Орта Азия нысанасы) және қола медаль (жамбы нысанасы);
  5. Рахымтай Аяулым – күміс медаль (жамбы нысанасы);
  6. Аманжан Сәлім – қола медаль (пута және қалқан нысаналары бойынша);
  7. Ағзамсофа Айсель – қола медаль (пута нысанасы);
  8. Жолдыбаев Ержан – қола медаль (жамбы нысанасы)

Сондай-ақ, Марат Жансұлтан мен Аршабекова Айша жарыс барысында мүмкін болған 125 ұпайдың барлығын жинап, 10-15 тамыз аралығында Ақтау қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Жас спортшылар – облыстық іріктеуден өткен, Жаңаарқа ауданы мен Жезқазған қаласында тұрақты жаттығатын спортшылар. Оларды садақ ату спортының тәжірибелі бапкерлері Сағынғали Бекетаев пен Ғалымжан Қалманбай жаттықтырады.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ұлытаулық жастардың бұл жеңісі – өңір спортының дамуы мен бапкерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.