ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Рейтинг
21.07.2025, 16:26
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Оның ішінде жүзім шаруашылығында да даму бар. Төлеби ауданы, Тасарық ауылының тұрғыны Сабыржан Танабаев бүгінде кәсібін өркендетіп отыр. Аумағы 20 га жүзім бауында тұрақты 16 адам, жиын-терім, егіндік маусымында 100 ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Жүзім бауында бүгінде жемістің 4 түрі өсіріледі.

Шілде, тамыз айларында пісіп жетілген жүзімдерді арнайы сауда орындарына, базарларға шығарып, көтерме бағамен өткізеді. Жеміске сұраныс та көп. Жүзімнен маусымында 300 тоннаға жуық өнім алады.

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Тасарық ауылдық округіндегі аталған жүзім шаруашылығының жұмысымен танысты. Жүзімнің күтіп-бапталу барысын, суару және өнім жинау технологияларын көріп, шаруалармен пікір алмасты. Жергілікті еңбеккерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді.

Аудан әкімі аталған бағыттың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін ерекше атап өтіп, жүзім өсіру арқылы ауданның экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнім көлемін арттыруға болатынын жеткізді. Сонымен қатар әкімдік тарапынан ауыл еңбеккерлерін қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және заманауи агротехнологияларды енгізу бағытында жұмыстар жалғаса беретінін айтты.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзімнің ассортименті өте кедей. Өндірістік маңызға ие жергілікті халық селекциясы тарапынан жаратылған сұрыптар ғылыми денгейде толық зерттелінбеген. Республикамызда қазіргі кезде кейбір мемлекеттерден әкелінген жүзім сұрыптары көптеп егіледі. Ең көп таралғандары кавказалды сұрыптардан Баян ширей, Саперави, Ркацителі, тавквери; Батыс Еуропа сұрыптарынан-Каберне совиньон, Рислинг, Морастель, Алеатико. Қазақстанда бұл сұрыптар жақсы өседі, мол өнім береді және олардан жоғары сапалы шараптар дайындалады.

Кіш-міш сұрыптарының шоқ жүзім бастары ақ немесе қара  түсті, көп жағдайда тұқымсыз, жүзім басы ірі болады. Бұл сұрыптар піскенде көп мөлшерде қант топтайды, құрғатып кептіріп мейіз дайындайды. Өзбекстанның Самарқан облысында мейіз дайындау ұшін кіш-міш сұрыптардан басқа асханалық сұрыптардан да жоғары сапалы мейіз дайындалады. Асханалық сұрыптардан Султон, Катта–курган, Нимранг және т.б. сұрыптар мейіз дайындауда қолданылады. Дәнекті мейіз ұзаққа тасымалдауға және сақтауға төзімді болып келеді.

Шарап өнімдерін дайындайтын жергілікті сұрыптар кем болып, олар кең таралмаған. Олардың кейбір сұрыптарынан ақ асханалық және шампан шараптары дайындалады (сояки, бишти).

Қазақстан жүзімшілігі (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары) тұрақтанған сұрыптармен сипатталады. Байырғы заманнан бері жергілікті жерде тұтыну және алысқа тасымалдау үшін жаңа піскен жүзімді шығыс экологиялық тобының халық сұрыптауынан шыққан ежелгі сұрыптары береді. Бұларға Қара кіш–міш, Ақ кіш–міш, Қызғылт тайфи сияқты асханалық сұрыптар жатады. Жүзім сұрыптарының тектік қорын сақтау және жетілдіру жүзімшілік саласын қалыпты дамытудың айқындаушы шарты болып табылады. Жүзімшілікті тиімді жүргізу үшін биологиялық ерекшеліктері өңірдің климаттық жағдайына сәйкес келетін сұрыптарды ғылыми негізде іріктеу қажет. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстікшығысы сапасы өте жоғары жүзім алуға мүмкіндік беретін табиғи-климаттық жағдайларымен ерекшеленеді. 

Асханалық мейіздік сұрыптардың жүзім түптері негізінен күшті өседі, бұтақтары жуан, буын аралықтары ұзын, шоқ жүзім бастары ірі, жүзім жидектері әртүрлі түсте және пішінде болады, жидектері шоқ жүзім басында селдіреп тұрады. Бұл сұрыптар ауруларға төзімсіз, суыққа және қолайсыз ықлым жағдайына шыдамсыз келеді. Жалпы жеміс беретін бұтақтарының 30 пайызы өнім береді, өнімділік коэффиценті 1,0–1,0-ге тең. Сондықтан бұл сұрыптардың өнімділігі шараптық сұрыптарға қарағанда төмен келеді.

Сұхбат

PhotoRoom