Қызылорда–Жезқазған бағытында жол жаңғыртылып жатыр

Рейтинг
20.07.2025, 20:15
Қызылорда–Жезқазған бағытында жол жаңғыртылып жатыр

Республикалық маңызы бар А-17 автомобиль жолының “Қызылорда–Жезқазған” бағытындағы 216–424 шақырым аралығындағы учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

2025 жылғы 19 шілдеден бастап бұл учаскеде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес қарқынды жүргізілуде.

Жол жөндеу жобасының басты мақсаты – өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жаңарту жұмыстары жүк тасымалы мен транзиттік қозғалыстың тиімділігін арттыруға ықпал етпек.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары барысында заманауи технологиялар мен сапалы материалдар қолданылуда. Бұл жол төсемесінің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Аталған жоба аяқталған соң, жол бойындағы инфрақұрылым жаңарып, жолаушылар мен көлік жүргізушілері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптаспақ.

Тағы да оқыңыздар:

Сұхбат

PhotoRoom