09.07.2025 в 19:33

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІШІМДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

Түркістан - Орталық Азия мен Тұран даласындағы көне қала. Тарихшылар араб жазбаларынан алынған деректерде оның Шавғар деген алғашқы атауы болғанын айтады. XІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған кейін шаһар Түркі әлемінің діни орталығына айналды. Енді міне, мыңжылдықтарды артқа тастап, киелі жер рухани және тарихи орталығымыз ретінде қайта жаңғыруда.
Естеріңізде болса Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылы наурыз айында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Міне, осы ерекше қалада ішімдікке қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде? Жалпы, алкогольге тәуелділікке қарсы күресте негізгі құрал – заңдардың қатаң сақталуы. Түркістан қаласында алкогольді ішімдіктерді сатудың заңды шектеулері, жастарға алкогольді өнімдер сату, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге қарсы күрес жүргізілуі керек. Заңсыз сату мен алкогольді өнімдерді тұтынудың заңсыз орындарында бақылау күшейтілуі тиіс. Бұл ретте құқық қорғау органдары мен жергілікті билік органдары белсенді түрде жұмыс істеуі қажет.

Түркістан қаласында ішімдікке қарсы күрес шараларының бірі ретінде алкогольді өнімдерге салықты арттыру мүмкіндігі қарастырылуы керек. Қымбат ішімдік өнімдері жастар мен тұрғындарға қолжетімді болмауы тиіс. Мұндай шара ішімдікке деген сұранысты төмендетуге, халықтың денсаулығын жақсартуға ықпалы өте жоғары деп есептеймін.
Түркістан қаласында алкогольдің зиянын түсіндіру үшін ақпараттық науқандар мен насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сүйеенсек, жыл басынан бері облыс аумағында ішімдікке қарсы күрес жұмыстары туралы барлығы - 5761 ақпараттық материал таратылған. Әсіресе, жастар арасында ішімдікке деген қызығушылықты төмендету мақсатында мектептер мен жоғары оқу орындарында тақырыптық дәрістер мен тренингтер де өткізілген. Әлеуметтік желілер арқылы барлығы 386 ақпарат жарияланған. Мұндай іс-шаралар жастар арасында ішімдікке қатысты дұрыс түсінік қалыптастырады және азаматтарды зиянды әдеттен сақтандырады.

Алкогольге тәуелділікті емдеу процесі әдетте ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан тұрақты қолдау жүйесін қалыптастыру қажет.
Түркістанның жастарын спортпен айналысуға тарту арқылы ішімдікке деген қызығушылығын төмендетуге болады. Спорттық шаралар мен мәдени іс-шаралар жастардың бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Осы бағытта қалада түрлі жастар клубтары, спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, ішімдік сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуға ықпал етеді.
Ішімдікке қарсы күрестің маңызды аспектісі – қоғамдық ұйымдардың және еріктілердің белсенді қатысуы. Түркістан қаласында ішімдікке қарсы күресте қоғамның қолдауы үлкен рөл атқарады. Қоғамдық ұйымдар мен волонтерлер ішімдікке тәуелді адамдарды оңалту, олардың қоғамға қайта оралуына көмектесу мақсатында жұмыс істей алады. Бұл арқылы ішімдікпен күрес бойынша жан-жақты қамтылған әлеуметтік жүйе құрылады.
Түркістан қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Мұны жүзеге асыру үшін халық арасында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психологиялық денсаулыққа мән беру сияқты факторлар туралы ақпарат тарату керек. Ішімдік пен басқа да зиянды әдеттерден аулақ болу үшін қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау маңызды.
Қорытындылай келе, ішімдікпен күресу – әлеуметтік мәселе ретінде қоғамның әр саласында назар аударуды талап етеді. Түркістан қаласында ішімдікке қарсы күрес шараларын қабылдаған кезде, оның құқықтық, әлеуметтік, ақпараттық және мәдени аспектілерін қамту қажет. Әрбір азаматтың жауапкершілігін арттырып, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу арқылы ішімдікпен күресті табысты жүргізуге болады.