07.07.2025 в 15:29

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТТА ЖҰМЫС БАСТАУҒА ДАЙЫН

Түркістан облысының өңірлік экономиканы жаңғырту үрдісі – ұдайы өндіру және біртіндеп сапалы құрылымдық экономиканың, өндіргіш күштердің оң өзгерістері мен даму факторлары болып табылады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары ретінде жергілікті тұрғындардың жан басы табысын арттыру, жаңа уақыттың құзыреттілігі жаңа қажетті дағдыларды үздіксіз үйренуге және меңгеруге дайын сапалы білім беруді жақсарту, бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау, кедейшілік деңгейін төмендетуді айтуға болады.

Түркістан облысының әкімі Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесіп, ортақ іскерлік аясында атқарылатын жұмыстар туралы кеңінен талқылады. 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесті. "U-UMAX Group" компаниясының өкілдері Түркістан облысымен әріптестік және іскерлік байланыс орнату туралы ойларын жеткізді. Өз кезегінде облыс басшысы Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанын тілге тиек етті.

 

– Өзбекстан – біз үшін көршілес мемлекет қана емес, сонымен қатар бауырлас ел. Орталық Азиядағы экономикасы дамып келе жатқан қос мемлекет арасында байланыс өте жоғары деңгейде. Түркістан облысында кәсіпкерлікті, өндірісті, туризмді, ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Біз сіздердің ұсыныстарыңыздықарастыруға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. 

 

Көрші елден келген кәсіпкерлер бірнеше бақытта бірлесіп іс жүргізуді ұсынды. Нақтырақ айтқанда, құрылыс, жол, теміржол және өзге де салалар бойынша жобаларды қарастыратындарын жеткізді. Аталмыш бағыттар бойынша ортақ жобаларды іске асыру барысы, байланысты нығайту жолдары талқыланып, келіссөздер жүргізілді. Айта кетейік, облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ, шағын өндірістік парк, 5 өндірістік субзоналары бар арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаға қажетті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты сауда айналымы тұрақты түрде 4 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу жөніндегі жобаны іске асырудың маңыздылығы көптен айтылып келеді. Оның іске қосылуы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достығы шынайы тату көршілік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі. Қазақстан мен Өзбекстанның өскелең ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер беретін жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлары осы мақсатқа сай келеді. Осы ретте Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы университеттің Өзбекстан республикасы Шыршық қаласында филиалы ашылғанын еске сала кетейік. 

Түркістан облысында шетелдік инфесторлармен бірлесіп өндіріс орындарын ашу, жүргізу ең әуелі жергілікті тұрғындар үшін тиісмді болмақ. Жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесі қоғамды дамытудың стратегиялық міндеті болып табылады. Бұл тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуды қамтамасыз ету, онда кейінгі ұрпақ бұрынғыға қарағанда ыңғайлы жағдайда өмір сүреді. Өмірдің қанағаттану дәрежесін анықтау үшін қанағаттанудың нақты деңгейі негізгімен салыстырылады: субъективті өзін-өзі бағалау және сыртқы объективті бағалау.

Азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекетті жоғары кірістермен қамтамасыз етеді, елдің өмір сүруінің тұрақтылығын, оның жағымсыз факторлардың әсерінен қорғалуын тудырады. 

Түркістан облысының экономикалық даму барысына әсер етудің барлық мүмкін әдістерін келесідей тұжырымдауға болады:

— өңірде іскерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған;

— кәсіпкерлікті реттеуде әлемнің озық тәжірбиелері енгізлуде; 

— облыс әкімшілігі мен бизнестің тікелей ынтымақтастығы реттелген.