Ұлытау облысының өкілдері қатысқан «AI-Sana: инерциядан серпінге» іс-шарасында жасанды интеллектіні дамыту жолдары талқыланды

Рейтинг
19.07.2025, 12:52
Ұлытау облысының өкілдері қатысқан «AI-Sana: инерциядан серпінге» іс-шарасында жасанды интеллектіні дамыту жолдары талқыланды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «AI-Sana: инерциядан серпінге» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді. Игі бастама жасанды интеллектіні (ЖИ) кеңінен насихаттауға және оны экономиканың түрлі салаларына енгізуді көздейді.

Талқылауға 150-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, бизнес пен азаматтық қоғамның өкілдері, IT-кәсіпкерлер, сарапшылар, студенттер және жоғары сынып оқушылары бар. Іс-шараға Ұлытау облысының да өкілдері белсене қатысып, өңірдегі цифрландыру мен ЖИ технологияларын енгізу бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан жасанды интеллект технологияларын дамыту және енгізу бойынша өңірлік көшбасшы ретінде танылып отыр. Мемлекет цифрлық трансформацияға стратегиялық әрі кешенді көзқараспен қарап, Еуразиялық цифрлық хаб құруға ұмтылуда.

Іс-шараның модераторы — «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының бас экономисі Рахим Ошақбаев болды.

Президент Кеңесшісі Қуанышбек Есекеев өз сөзінде Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық алғышарттар бар екенін және бұл бағытта нақты әрі батыл қадамдар жасау қажеттігін атап өтті:
«ЦДИАӨМ бұл салада белсенді жұмыс істеп жатыр және көптеген жобаларды ұсынуда. AI-Sana – бұл тек технологияларды енгізу жолы ғана емес, сонымен бірге отандық әзірлеушілердің инновацияны қалай ілгерілетіп жатқанын көрсету мүмкіндігі. Бұл талқылаулар маңызды нәтижелер әкеледі деп сенемін», — деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom