ШҚО: Глубокое ауданының Бобровка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Рейтинг
19.07.2025, 10:01
ШҚО: Глубокое ауданының Бобровка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Бүгін Глубокое ауданының Бобровка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаториялардың салтанатты ашылуы өтті.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды жақсарту арқылы тұрғындардың аудан орталығына немесе қалаға шықпай-ақ, өз ауылында сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік жасау.

Жаңа амбулаториялар қажетті медициналық жабдықтармен және жиһаздармен толықтай жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына дер кезінде диагностика жүргізуге, аурулардың алдын алуға және скринингтік тексерулер ұйымдастыруға жағдай жасайды. Соның нәтижесінде ауыл халқының денсаулығы нығайып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артады деп күтілуде.

2023–2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысында пилоттық жоба аясында 36 медициналық нысан салу жоспарланған. Оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт бар.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Тағы да оқыңыздар:

Сұхбат

PhotoRoom