Әйелдер мен осал топтардың құқықтарын қорғау: заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді

Рейтинг
18.07.2025, 15:27
Әйелдер мен осал топтардың құқықтарын қорғау: заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша және қоғамның сұранысына жауап ретінде, азаматтардың — әсіресе әйелдер мен осал топтардың — жеке шекаралары мен өмірін қорғауға бағытталған маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданды.

Не өзгерді?

 Сталкингке (құмарта қудалау) қылмыстық жауапкершілік енгізілді — енді бұл қылмыс болып саналады!
Адамның еркіне қарсы қудалау, аңду немесе байланыс орнатуға әрекеттену үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

ҚР ҚК 125-бабындағы бұрынғы құқықтық саңылау алынып тасталды: енді ұрланған адамды ерікті түрде босатқан күннің өзінде де ұрлаушы жауапкершіліктен босатылмайды.

Жаңа бап енгізілді — некеге мәжбүрлеу (ҚР ҚК 125-1-бап):
▪️ 2000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
▪️ ауыр жағдайда — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
▪️ ауыр зардаптарға әкелген жағдайда — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

⚖️ Бұл өзгерістер — әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бостандық пен жеке өмірге қол сұғушылық үшін жазаны күшейту жолындағы маңызды қадам.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зулхаиров Ренат

#ҰлттықКомиссия
#UlttyqKomissiya
#НацКомиссия

Сұхбат

PhotoRoom