Жезқазған қаласында «Заң және тәртіп апталығы» акциясы аясында қала тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға жәрдемдесу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысына деген сенімін нығайту. Қабылдау барысында қала тұрғындары өздерін мазалаған түрлі мәселелер бойынша кеңес алып, заңгерлік көмекке жүгінді.
«Заң және тәртіп апталығы» акциясы аясында өткізілген бұл қоғамдық қабылдау халық пен құқық қорғау органдары арасындағы тікелей байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП