Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Рейтинг
14.06.2025, 09:59
Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары З.Ж. Ақылбекованың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық және қалалық деңгейдегі атқарушы органдардың өкілдері, жергілікті әкімдіктердің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық даму саласының мамандары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде негізгі мәселе – Ұлытау облысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен сақтау талаптарының орындалу жай-күйі қаралды. Жиын барысында Жезқазған және Сәтбаев қалалары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындыларын Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, комиссия хатшысы Бақытжан Жайлаубаев баяндады.

Сондай-ақ, Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы бойынша да рәміздерді пайдалану бойынша жергілікті әкім орынбасарлары есеп беріп, нақты жағдаймен таныстырды.

Комиссия отырысында айтылғандай, облыс аумағындағы кейбір мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік рәміздерді орналастыру және пайдалану талаптарының бұзылуы тіркелген.

Комиссия төрағасы З.Ж. Ақылбекова өз сөзінде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы мен міндеті екенін баса айтып, заң талаптарын бұлжытпай орындау қажеттігін еске салды.

Сұхбат

PhotoRoom