2025 жылдың 27-29 мамырында Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернаты жанынан құрылған “Ұлытау” ансамблі мен жас өнерпаздар Өзбекстан Республикасында өткен Халықаралық «Нұрай-Фест» өнер фестиваліне қатысып, домбыра сайысында жеңімпаз атанды.
Аталған байқауға шет ел мемлекеттері, Қазақстанның 8 облысынан 1500 қатысушы қатысты.
Конкурс барысында ең үздік өнерпаздарды дайындағаны үшін Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов мектеп директоры Динара Капарова мен домбыра жетекшісі Ақбота Омароваға АЛҒЫС ХАТ табыстады.
"Ұлытау" домбырашылар ансамблі- БАС ЖҮЛДЕ иеленіп, Қараша айында Түркия Республикасы, Стамбул қаласында өтетін байқауға 20 пайыз жеңілдікпен қатысуға ЖОЛДАМА ұтып алды.
“Соло” номинациясының жеңімпаздары:
1.Жақсылық Рауан-БАС ЖҮЛДЕ
2.Дайрабай Бекжан-СУПЕР БАС ЖҮЛДЕ
3.Бердібек Мақсат-1 ОРЫН
4.Күзембай Ержан-БАС ЖҮЛДЕ
5.Мұхамбетәлі Нұрислам-БАС ЖҮЛДЕ
6.Ибрахымғабидолла Рамазан-БАС ЖҮЛДЕ
7.Қонар Нұркелді-1 ОРЫН иегерлері атанды.
«Ақ жол» партиясының мүшесі, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Дайрабайұлының ұсынысымен, Kazakhmys корпорациясының басқарма басшысы Нұрахмет Қанатұлы жас өнерпаздарға демеушілік жасады.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлзада Кәрібекқызы жеңімпаздармен кездесу шарасын ұйымдастырып, ұлттық өнерімізді дәріптеуде, жас буынның шығармашылығын дамытуда және төл өнерімізді өркендету үшін жасалып жатқан игі іске қосқан үлестері үшін мектеп директоры Динара Оңқонысқызына, ансамбль жетекшісі Ақбота Аманжолқызына және ата-аналар төрағасы Бекзат Дайрабайұлына ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!