ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАР 60%-ҒА СУБСИДИЯЛАНДЫ

Рейтинг
10.06.2025, 14:00
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАР 60%-ҒА СУБСИДИЯЛАНДЫ

Мемлекеттік қолдау шаралары аясында тыңайтқыштарды (аммофос 10-46) субсидиялау жұмыстары жалғасуда. Мамыр айында облыстық бюджеттен 67 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, «ҚазФосфат» ЖШС-не төленді.

 Бұл шара нәтижесінде шаруа қожалықтары тыңайтқыш құнының тек 40 пайызын ғана төлеп, өнім сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 60 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

 Шаруалар тарапынан тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, егіс алқаптарына енгізу жұмыстарын күшейту қажет. 

 Қажеттілік туындаған жағдайда облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылады.

Сұхбат

PhotoRoom