Бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына облыстық басқарма басшылары, қала әкімдері, жастар ұйымдарының өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
Жиын барысында жастар саясаты саласындағы ахуал, жастарды жұмыспен қамту және Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы жастар істері жөніндегі Кеңестердің жұмысы қаралды.
Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев өз баяндамасында 2023–2024 жылдары жүзеге асырылып жатқан «Ulytau zhastary» тұрғын үй бағдарламасына тоқталды. Оның айтуынша, бағдарлама аясында облыстық бюджеттен жыл сайын 500 млн теңге бөлінеді. Сонымен қатар, басқарма басшысы NEET санатындағы жастардың үлесі 10,4%-ды (5864 адам) құрап отырғанын мәлімдеді. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Аталған санатты төмендету бойынша кешенді шаралар қолға алынуда.
Кеңес аясында жастарды жұмысқа орналастыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтылды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Құрмет Саттыбаев баяндады. Оның ішінде «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» бағдарламалары бойынша нақты көрсеткіштер айтылды.
Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абдоллаұлы Шайжанов қалалық Жастар ресурстық орталығының жұмысы мен құрылымына тоқталып, 2024 жылдан бері атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен қатар, орталықтың бюджеті мен қызметкерлер саны туралы нақты деректер ұсынылды.
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау туралы сөз қозғалды.
Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев өз кезегінде бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралармен бөлісті.
Кеңес соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар айтылды.
Отырысты қорытындылаған Кеңес төрағасы жастар – ел болашағы екенін, олардың бастамаларын қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.