1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясы мен қала әкімдігінің бірлесуімен абаттандырылған жаңа демалыс аймағы пайдалануға берілді. Демалыс орны Ш. Ділдебаев атындағы Мәдениет үйінің қарсы бетінде орналасқан.
Жобаның жалпы құны 650 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржыға кең көлемді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қалалықтар үшін қолайлы әрі заманауи демалыс орны жасақталды. Атап айтқанда:
• Аумағына өрнектас төселді;
• Ағаштар мен жасыл желек отырғызылды;
• Балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды;
• Орындықтар, жарық шамдары және шағын сәулет нысандары қойылды.
Жаңа нысанның басты ерекшелігі – интерактивті құрғақ субұрқақ. Бұл субұрқақ жазғы ыстық күндері балалар мен ересектердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.
Сәтбаев қаласының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы ынтымақтастықты жалғастырып, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды әрі қарай да жалғастыра бермек.