Елімізде алғаш рет ауқымды «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасымен әзірленуде.
Бағдарлама мемлекет, ата-ана, педагог, дәрігер, әлеуметтік қызмет пен ҮЕҰ күш-жігерін біріктіреді. Қолданыстағы шаралар тиімділігі мен жетілдіруді қажет ететін тұстары үшін талданып жатыр.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы әрбір баланың құқықтары мен дамуын тұрақты қорғаудың негізі болады.