Қазақстанда балалардың құқықтық тұрғыдан қорғалуы 90%-ға жетті — мұндай аралық қорытындыны Оқу-ағарту министрлігі «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында жариялаған 2024 жылғы Балалар әл-ауқаты индексі көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштің өсуі профилактикалық және ақпараттық шаралардың, соның ішінде «Мен өз құқығымды білемін» айдарының енгізілуімен байланысты. Зерттеулерге сәйкес, оқушылардың көбі өз құқықтарын біліп, қажет жағдайда қайда жүгінуге болатынын түсінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген және 56 индикаторды қамтитын бұл индекс – елдегі балалар жағдайын бағалауға арналған стратегиялық құрал.