30.05.2025 в 09:47

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткен болатын.  

      Міне сол аталмыш құжат негізінде Түркістан облысы еліміздің индустриялық-аграрлық өңірлерінің қатарына кіреді жəне мақта, жеміс-көкөніс өнімдерін, азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын ірі өндіруші жəне жеткізуші болып табылады. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада 2-орынға ие. Облыс уран қоры бойынша 1-орында (60 %), фосфориттер мен темір кендері бойынша 3-орында. Облыстың бəсекелестік артықшылықтарына табиғи қазбалар қорлары барит кен орындары, темір жəне полиметалл кендері, уран, фосфор, бентонит саздары, вермикулит, тальк, асбест, гранит, мəрмəр, гипс жəне кварц құмдары жатады.

      Облыстың дамыған көлік-логистика инфрақұрылымы бар.

      Сонымен бірге, облыстың ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті зор, мал шаруашылығын дамытудағы позициясы жоғары. Өңірдің перспективалы дамуы оны аграрлық-индустриялық әртараптандыру негізінде ауыл шаруашылығының жоғары әлеуетін одан әрі нығайтуға негізделетін болады.

      Облыс ірі сауда-логистика орталығына айналу мүмкіндігі бар маңызды көлік торабы болып табылады. Ал, туризм Түркістан облысы экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда облыста 1 000-нан астам тарихи-мәдени мұра және 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар.

      Туризм саласында облысқа келуші туристердің саны жыл сайын өсуде. Мәселен, соңғы 3 жылда туристер саны 25 % артты, орналастыру объектілерінің саны 131 бірлікті құрайды.

      Үдемелі жаңғырту, әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.

    Негізгі капиталға тартылған инвестициялар өндіріс көздерінің бірі ретінде және ЖӨӨ-нің өсу нәтижесі болып табылады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2021 жылы 800,0 млрд теңгеге, 2022 жылы 1,1 трлн теңгеге, 2023 жылы 1,4 трлн теңгеге, 2024 жылы 1,7 трлн теңгеге, 2023 жылы 2,1 трлн теңгеге жетеді.  Биыл ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 25 %-ға жетеді деген болжам бар.

      Облыста тамақ өнімдерінің өндірісі, жеңіл және химия өнеркәсібі, фармацевтика және т.б. сияқты салалардағы өңдеу өнеркәсібі дамыған. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 498,1 млрд теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарланған.

        "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда "Индустрия 4.0" цифрлық технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

      Нәтижесінде ағымдағы жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі номиналды мәнде 2020 жылмен салыстырғанда 1,3 есе ұлғайып және 713,0 млрд теңгені, НКИ 102,4 % құрап отыр.

      Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру күтілуде (11 мың га). 809,9 млн теңге сомаға 93 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жасанды су қоймаларын салу және жөндеу, 11,6 мың га жаңбырлатып суару технологияларын енгізу жоспарлануда.

      Ауыл шаруашылығы техникасы мен тракторлар паркі 37 %-ға жаңартылатын болады, бұл ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттырады. Нәтижесінде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі 1 313,5 млрд теңгені, НКИ 105 % құрап отыр.

        Туризм облыс экономикасының перспективалы салаларының біріне айналуда. Облыс Орта Азия мен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының түйіскен жерінде орналасқан.

      Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру, құрылатын жұмыс орындарының санын және туристер ағынын ұлғайтады.Облыс басшысы Нұралхан Көшеров жаңа туристік дестонациялар құрылатынын және туристік индустрияны дамыту баста мақсат екенін жеткізді.

       Туризм инфрақұрылымын дамытудегенде ең алдымен "Қасқасу" туристік-рекреациялық орталығының тау-кен инфрақұрылымын салуды, Түркістан қаласының туристік-рекреациялық орталығының инфрақұрылымын салуды қажет етеді.

      Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде дамуын  көптеген туристік және мәдени объектілердің салынуын ескере отырып, туристер саны 2,5 млн адамға дейін өсуі жоспарлануда.