ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Рейтинг
30.05.2025, 09:46
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

ЮТүркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті. Жобаның жалпы құны 40 миллион АҚШ долларын құрайды. 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ORZAX компаниясының басшылығы арасындағы кездесуде өндірістік жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар зауытты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шешім компанияға жеңілдетілген салықтық және әкімшілік режимдерді пайдаланып, тиімді өндіріс құруға жол ашады. Өндірістік кешен іске қосылғаннан кейін жылына 35 миллион қорап ББҚ шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Келіссөздер аясында құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың ішінде бастау, ал зауытты 2026 жылдың соңына дейін іске қосу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Облыс әкімі жобаның маңыздылығын атап өтіп, жергілікті әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді – инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құжаттаманы рәсімдеу және барлық рұқсат беру рәсімдерін жеделдету бағытында.

– Түркістан – ашық, серіктестікке дайын өңір. Біз – бауырлас елміз. Түркиялық компанияның өңірімізге келіп, осындай ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті болуы – біздің облыс үшін зор мүмкіндік. Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып, жүздеген азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және жобаның табысты іске асуына барлық жағдай жасаймыз. Өздеріңізбен тікелей байланыста боламыз, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров. 

ORZAX – Түркияда орналасқан, табиғи ингредиенттер негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіретін халықаралық деңгейдегі жетекші компания. Қазіргі таңда компания 100-ден астам өнім түрін шығарады, оның ішінде пробиотиктер, өсімдік экстрактылары, арнайы формулалар, Омега-3, дәрумендер мен минералдар, коллагендер бар. Компания Түркияда рецептсіз берілетін өнімдер нарығында көшбасшы болып келеді. Өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады.

Ал, енді аталмыш клмпанияның тарихынан қысқаша мәлімет ұсынсақ, күнделікті ас мәзірінде дәрумендер, минералдар, май қышқылдары және басқа да маңызды қоректік заттар қазіргі заманғы тамақтану сапасы мен стресстік өмір салтына байланысты дұрыс пропорцияда жеткіліксіз. Тамақтану әдеттері мен диетаны ескере отырып, қалыпты жағдайда адам ағзасындағы Д3 дәрумені, магний, калий, С дәрумені, Е дәрумені және К дәрумені сияқты қоректік заттардың жеткіліксіз екені мәлім. Теңдестірілген тамақтану мен дұрыс тағамдық қоспалардың үйлесімі денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің ең жақсы жолы болып табылады.

ORZAX компаниясы соңғы 17 жыл ішінде біз жүрек пен метаболизмнен есте сақтау, көңіл-күй және тағы басқа да  адам денсаулығын жан-жақты қолдау үшін табиғи ингредиенттері бар өнімдердің кең ауқымын зерттеп, әзірлеумен айналысып келеді.

Компания өкілінің айтуынша, бұл өнімдер дененің функционалды жүйелерінің кең ауқымын қамту үшін қолмен таңдалған. Барлық өнімдердің сапасы мен табиғилығын сақтау компанияның негізгі мақсаты әрі ұстанымы. Әрбір Оrzax өнімі медициналық сарапшылармен бірлесіп жасалады және халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары сапалы таза ингредиенттерден ғана алынады. Шикізат пен дайын өнімді сертификатталған тәуелсіз үшінші тарап зертханалары тексереді, осылайша сіз Оrzax қнімін тұтына отырып денсаулыққа пайдалы әрі сапалы өнімді ала аласыз.

Сұхбат

PhotoRoom