ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ - БАСТЫ МАҚСАТ

Рейтинг
29.05.2025, 11:08
ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ - БАСТЫ МАҚСАТ

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында «Digital Turkistan» тұжырымдамасы нәтижелі іске асырылып келеді. Жоба аясында бірнеше қосымша жұмыс істейді. Атап айтсақ, «109» бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы тұрғындардың қоңырауын қабылдайды.  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы елдің қауіпсіздік жағдайын жақсарту, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және құқықтық жүйені дамытуға бағытталған маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Ұлттық жоба ішкі және сыртқы қауіптерге қарсы күресті күшейтуді, азаматтардың күнделікті өміріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қылмыстарды азайту мен алдын алуды көздейді.

- “109” бірыңғай байланыс орталығы іске қосылғаны тұрғындардың көптеген мәселесін оң шешуіне ықпал етуде. 24\7 осы номер арқылы түрлі шағым, сауалдарды жолдау арқылы жедел шешуге өз көмегін тигізуде. Күнделікті тұрмыста түрлі жағдайлар, оқыс оқиғалар орын алып жатады. Міне, сондай сәтте бірінші осы номер еске оралады. Өзім “109” байланыс орталығына жиі хабарласамын, - дейді Түркістан қаласының тұрғыны Бейсенкүл Молдабекова.

Аталған жоба – президент нақтылаған Ұлттық даму жоспарына, елдің қауіпсіздігіне және өзге де мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын, еліміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді стратегия. Осы негізде ұлттық жоба аясында еліміздің басым бөлігінде ауыр санаттағы қылмыс саны азайғанын көрсетіп отыр. Мәселен, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынған мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы қылмыстардың және жол-көлік оқиғаларының деңгейі 2023 жылға қарағанда айтарлықтай төмендеген. Соттармен қаралған қылмыстық істер 25,7 пайызға азайған.Түркістан облыстық сотының Қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдос Сұлтановтың айтуынша, Түркістан облысында 2024 жылдың І тоқсанында жергілікті соттармен 424 қылмыстық іс қаралып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25,7%-ға азайған. Сондай-ақ, биыл барлығы 336 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталып, 57 үкімге азайған. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен 5 ақтау үкімі қабылданды. Аталған кезеңге барлығы 47 іс қысқартылған. Бұдан бөлек, медиация бойынша 7 қылмыстық іс қаралған. Өндіріспен аяқталған азаматтық істер бойынша ең көп дау санаттары - отбасылық қатынастардан туындайтыны анықталған.

 

Ұлттық жоба – ел азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама. Ол қылмыс пен терроризмге қарсы күрестен бастап, жолдар мен киберкеңістіктегі қауіпсіздікті жақсартуға дейінгі кең ауқымды қамтиды. «Қауіпсіз ел» жобасының негізгі мақсаттары: Қылмысты азайту: Азаматтар үшін қауіпсіз жағдай жасау, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыс санын азайту; Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру: Жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілерді оқыту жүйесін жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу; Киберқауіптерден қорғау: елдің киберқауіпсіздігін күшейту, кибершабуылдар мен киберқылмыстан қорғау, халықтың киберсауаттылығын арттыру; Экстремизм мен терроризмнің алдын алу: экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру, жастармен жұмыс, шекаралық бақылауды күшейту және интернеттегі экстремистік насихатқа қарсы тұру; 

«Қауіпсіз ел» – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Бұл елде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін талап ететін үздіксіз процесс. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы жалпыұлттық басымдықтарға және мемлекетті алға жылжыту мақсатында құрылған стратегиялық көрсеткіштерге негізделген. Аталған жоба елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және Президент нақтылаған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Нақты белгіленген маңызды тапсырмаларды өз уақытында шешуге бағытталған.

 

Тағы да оқыңыздар:

Сұхбат

PhotoRoom