29.05.2025 в 11:07

“ҚАУІПСІЗ ЕЛДІҢ” ҚАҒИДАСЫ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы он ұлттық жобаны мақұлдаған болатын. Ол тізімге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы да кіреді. Президент Тоқаев ұлттық жобаның негізгі міндетін көрсетіп, ел қауіпсіздігін сақтау басты мақсат екенін атап айтты. Халықтың болашағы оның қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Қауіпсіздік –  азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы ететін біраз аспектілерді қамтитын күрделі түсінік. Осыған орай ел қауіпсіздігі үшін  бекітілген «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы қабылданған еді.

Ұлттық қауіпсіздік елдің егемендігін, азаматтарын, территориясы мен өз мүдделерін әскери агрессия, терроризм, кибершабуылдар мен саяси толқулардан, ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауды көздейді. Осыған байланысты 2021-2025 жылдар аралығында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Аталған жоба бағытының бірі – «Қарулы күштерді жаңғырту». Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Қарулы күштерді ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану ауқымын кеңейту, әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелеріне де жеке назар аударылуда.

“Қауіпсіз ел” жобасы аясында іс асырылып жатқан шаралар туралы әскери сарапшы Фариза Жолдас былай дейді.

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар үшін әскери білімді дамыту және де ғылыми эксперименттік базаны жетілдіру мақсатында мамандардың тез шешім қабылдап, критикалық ойлауын арттырып, қандай да бір жағдайға тез енуін, жылдам әрекет етуін, сонымен қатар заманауи техникамен қамтамасыз етіліп, олардың техниканы игеруін қадағалау, олардың қару-жарақтармен жұмыс жасай алу деңгейін бақылау, бұның барлығы, кадрды толыққанды дайындау осы жобаның мақсаты. Осы мақсаттарға сай полиция басқармасында түрлі дайындық курстары, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандарға арналған сабақтар жүргізіліп, функционалды талдау жұмыстар атқарылады. Әсіресе шетелдік тәжірибені сараптау, салыстыру арқылы түрлі қадамдар жасалып жатыр. Бұл дегенміз озық тәжірибесі бар елдерден қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша оқу-зерттеу шараларын да қолға алынған. Сондай-ақ қаржылық жағдай мен әлеуметтік қорғауға байланысты да түрлі шешімдер қабылдануда. Қазір жоба нәтижесі туралы қорытынды жауап беру қиын. Өйткені жоба әлі жалғасуда, - дейді маман өз сөзінде.

Мәселен Түркістан облысы республика бойынша қылмысы ең аз өңір ретінде тіркелген. Ал облысқа қарасты 17 қала мен ауданды саралайтын болсақ, барлық ауданда қылмыс саны төмендеген. Десе де басқа аудандарға қарағанда Сарыағаш ауданында жиі тіркеледі. Оның себебі ауданда халық санының көптігі мен шекаралық аумақта орналасуы. Сарыағашта алаяқтық, есірткі, жалған құжат жасау бойынша қылмыстар жиі тіркеледі. Есірткі қылмысының тіркелуі шекара аумағынан өзге ұлт өкілдерінің есірткіні алып өтуімен байланысты. Яғни, есірткі контрабандасы. Біз бұл бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірге алдын алу мен жолын кесу шараларын үнемі атқарып келеміз. Шекарадан есірткіні тығып алып өтпекші болған әрбір факті тіркеліп, полициямен тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Ал алаяқтық қылмысы бүгінде аса өзекті мәселе қатарында.

  Сонымен қатар ұлттық жобаның маңызды көрсеткіштерінің бірі – 50 типтік кешен. Жоба барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери қызметшілеріне арналған тұратын кешендер салмақ. 2021 жыл мен 2025 жылдары 71 миллиард теңге қаражатқа жобалап, құрылыс жұмыстарын бастау қолға алынған. 

 «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы бағытының бірі – «Қарулы Күштерді жаңғырту». Нәтижесінде, асимметриялы және гибридті сын-қатерлерге тойтарыс беруге дайын болу, әскери процесті басқаруда жаңа технологияны енгізу және автоматтандыру – осының барлығы бүгінде маңызды болып отыр.