Бүгінгі таңда 2025-2026 жылдары іске қосу жоспарланып отырған инвестициялық жобалар портфелі қалыптастырылды. Инвестициялық портфель өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы , қызмет көрсету саласында жалпы инвестиция көлемі 213 млрд. 730 млн. теңге болатын 707 жұмыс орнын құрумен 11 жобаны қамтиды.
Инвестициялық жобалардың тізбесі үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады.
Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 49,430 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар бойынша 432-ге дейін жұмыс орны ашылатын болады:
1."Геологиялық кластердің құрылысы", "KAZAKHMYS Barlau" ЖШС, іске қосудың жоспарланған мерзімі – а. ж. III тоқсаны;
2.«Жеке қорғаныс құралдарын өндіру» "Ulytau Industrial Company" ЖШС, жобаны іске қосу ағымдағы жылдың шілде айында жоспарланған;
3.«САМҒА» ЖШС-мен «Гранит бұйымдарын өндіру зауыты», іске қосудың жоспарланған мерзімі – а. ж. III тоқсаны
4.«Металлконструкциялар өндіру зауыты», іске қосудың жоспарланған мерзімі – а. ж. III тоқсаны
5."100МВт ЖЭС салу" Жезказган/Сатпаев қ., "Mezgilder Qushteri" ЖШС, жобаны іске қосу ағымдағы жылдың IV жоспарланған;
6.«Сыйымдылығы 10 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау қоймасының құрылысы» «Samadi A Group» ЖШС, жобаны іске қосу а. ж. IV тоқсанына жоспарланған;
7. «Нефтебаза құрылысы «PetroRetail PFS» ЖШС, іске қосудың жоспарланған мерзімі – а. ж. IV тоқсаны
Қонақ үй құрылысы, "Ярмак" ЖШС, , іске қосудың жоспарланған мерзімі – а. ж. IV тоқсаны.
2026 жылға өтетін жалпы құны 164 млрд. 300 млн. теңгені құрайтын 3 жоба:
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС ЖЭО-да бу-газ қондырғысын салу, «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС, жобаны іске қосу 2026 жылдың III тоқсанына жоспарланған;
"ЖМЗ жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысы", «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС, жобаны іске қосу 2026 жылдың III тоқсанына жоспарланған;
ЖЭС мұнараларының металл конструкцияларын шығару, "ТехноГруппСервис" ЖШС, іске қосудың жоспарланған мерзімі – 2026 жылдың III тоқсаны;
Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндірістер ашуға және халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Инвестициялық белсенділік – әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің маңызды драйвері болып қала бермек.