Жыл сайын 31- мамырда бүкіл әлем жұртшылығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы ресми түрде жариялаған Дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді.
Темекі эпидемиясы - халықтың денсаулығына елеулі қауіптердің бірі. Жыл сайын әлемде 8 миллионнан астам адам темекі зарарынан қайтыс болады. Олардың 7 миллионнан астамы - тұтынушылар мен бұрынғы темекі тұтынушылар, ал 1,2 миллионнан астамы — екінші темекі түтінінің әсеріне ұшыраған темекі шекпейтіндер. Бұл күн барлық адамдардың, барлық елдердің назарын денсаулыққа үлкен зиян келтіретін және өлімге әкелетін темекі шегу проблемасына аударуға арналған.
Салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде мінез-құлық қауіп факторларының, оның ішінде темекі шегудің профилактикасын арттыру жөніндегі шаралар жоспарланған.
Мәселен, қоғамда 100% түтінсіз ортаны енгізу, жарнаманы бақылау, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу түрінде темекі өнімдерін тұтынуды азайту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделген. Алайда, темекі шегумен күресудің ең танымал әдісі салық шаралары екені баршаға мәлім.
Ағымдағы жылы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек өңір бойынша темекі тәуелділігіне қарсы іс-шаралар бойынша 444 семинар жүргізілген.Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы бес айында емханалардан тыс оқу орындарында, мекемелерде 246 дөңгелек үстел, жастар арасында флешмоб өткізілген. Сондай-ақ облыс аумағында LED-мониторларда 221 рет арнайы әзірленген бейнеролик жұртшылық назарына ұсынылды. Жергілікті БАҚ беттерінде мақалалар жарық көріп, телеарналарда арнайы роликтер көрсетіліп, әлеуметтік желілерде белсенді түрде темекіге тәуелділіктің зарары жайлы ақпарат тұрақты түрде ұсынылып келеді.
Никотинге тәуелділік — адам психикасын тығыз байланыстыратын күрделі мәселе. Неліктен темекі шегу қауіпті? Белсенді және пассивті темекі шегу көптеген ауыр аурулардың, ең алдымен, қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының, сондай-ақ адамның тыныс алу жүйесінің, мидың және ас қорыту жүйесінің ауруларының, әсіресе тері мен тістердің пайда болу қаупін арттырады. Шылым шегудің зияны туралы ақ желеңділер үнемі айтып келеді. Темекі шегушілердің қатары темекі бағасының артуынан кемімей тұрғанын статистикалық мәліметтер көрсетуде. Демек, шылым құнын қымбаттатқанмен оны тұтынушылар азаймай отыр. Жыл сайын темекі бағасы да тұрақты көтеріліп келеді. Алайда темекіге тәуелді жандардың қатары әлі де азаймат тұр.
- Никотин, мысалы, тамыр қабырғасының тонусын бұзады, зақымдануды, спазмды және қан тамырларындағы қан ұйығыштарының пайда болуына ықпал етеді. Көміртек тотығы гемоглобинмен қосылып, карбоксигемоглобин түзеді, ол оттегінің мүшелер мен тіндерге өтуін тежейді. Сонымен қатар, темекі түтінінің зиянды компоненттері артериялық гипертензия, қан тамырларының қабырғаларына холестеринді тасымалдау жүйесіндегі бұзылулар, оларда холестериннің тұндырылуын күшейтетін күшті қауіп факторларының дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде жүрек пен қан тамырларының денсаулығына қауіп факторларының ең қауіпті жиынтығы жоғары жалпы тәуекел деп аталады, - дейді облыстық клиникалық аурухана дәрігері Ділдәбеков Жанболат.
Маманның айтуынша, никотинді қолдану адамдарды тұйық шеңберге түсіреді, бұл олардың көп нәрсені қалайды. Медициналық кеңес беру және никотинді алмастыру терапиясы тәуелділікті тоқтатуға көмектеседі. Дегенмен, нәтиже адамның әдетті тастауға қаншалықты дайын екендігіне байланысты. Темекіден арылу үшін дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. Арнайы сарапшы маманның көмегімен темекіден бас тарту жолы қойлы деуге болады.