26.05.2025 в 19:31

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ»  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтуде.
Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Бүгін, яғни 26.05.2025 жылы  «Жезқазған қалалық емханасы»  ШЖҚ КМК Клиникалық-диагностикалық орталығында «Қазақстан балалары: Балалардың сенімді дәрігері» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнінде дәрігер-педиатр Лазарева И.Ф. балаларды қабылдап ата-аналарға кеңес беріп, Баланы дамыту кабинетінің меңгерушісі Нурмаганбетова А.Б балаларға аудиологиялық скрининг және антропометриялық өлшеулерін жүргізді. 
Жалпы емханада 3 балалар дәрігерінің учаскесі қызмет көрсетеді. Онда 0 мен 3 жас аралығында - 1136, 3-6 жас аралығында 2078, 6-17 жас аралығында 5025 бала тіркелген. Бұл балалардың барлығы да жыл сайынғы скринингтен өтуін мейірбикелер Қуанышбаева А., Рахымжан Г., Сейтбайқызы Ж. қадағалап отырады. Нәрестелер уақытылы ай сайынғы тексерулерден өткізіледі және жасына сәйкес иммунизациялау жұмысы жіті назарда ұсталады. Емхана барлық мамандармен жеткілікті қамтылған, балалар жасына сәйкес балалардың бейінді мамандард тарапынан тексерілуі жас ерекшелігіне сай жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, емхана жанында «Жастар денсаулығы орталығы» жұмыс істейді. Онда 10 жас пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға келіп психологиялық, медициналық көмекке жүгінуіне болады.
#дәрігербалалардыңжанашыры
#балалардыңсенімдідәрігері