Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты

Рейтинг
26.05.2025, 16:13
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері мен жертөлелерінің жағдайымен танысты.

Аймақ басшысы тұрғын үйлердің техникалық жай-күйін көзбен көріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аралау нәтижесінде облыс әкімі техникалық ақаулар мен күтімсіздіктерді атап өтіп, жауапты мекемелерге қасбеттер мен жертөлелерді қалпына келтіру жұмыстарын күшейту, ПИК/МИБ қызметін жетілдіруге қатысты әдістемелік көмек көрсету, коммуналдық инфрақұрылым мәселелері бойынша мониторинг жүргізуді талап етті. 

«Тұрғын үйлердің күтімі – тек мемлекеттік органдардың емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүйелі қолдау мен бақылау болуы қажет. ПИК пен МИБ жұмысы ашық әрі нақты нәтиже беруі тиіс», – деді облыс әкімі кездесу барысында.

Санитарлық тазалықты сақтап, жертөле, кіреберіс және аулаларды таза ұстауға тұрақты түрде мән беріп, тұрғындармен тиімді байланыс орнатып, үлгілі басқару тәжірибесін көрсетіп отырған Пәтер иелері кооперативі (ПИК) мен Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) өкілдері құрамындағы көпқабатты үйлерге қолдау шаралары қарастырылуда. Осы бағытта қалалық әкімдік үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстарына басымдықпен қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. 

Мысалы, биыл Мүлік иелері бірлестігінің үлгілі әрі тиімді жұмысына сәйкес, Пушкин 3, 5, Раскова 7 және Холмецкий 50 мекен жайындағы үйлердің қасбеттері толық жөндеуден өтеді. Бұл бастама – тұрғындардың ортақ жауапкершілігі мен өзара ынтымақтастығын ынталандыруға бағытталған.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындармен кері байланысты арттырудың маңыздылығын атап өтіп, барлық атқарылып жатқан жұмыстың сапалы әрі мерзімінде орындалуын бақылауда ұстайтындығын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom