Жауапкершілік, абырой және қауіпсіздік: ШҚО-да Ашық есік күнінде 150-ден астам оқушы полиция әлемімен танысты

Рейтинг
23.05.2025, 18:00
Жауапкершілік, абырой және қауіпсіздік: ШҚО-да Ашық есік күнінде 150-ден астам оқушы полиция әлемімен танысты

Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Полиция Департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Қазақстан балалары» республикалық тұжырымдамасы аясында және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам мектеп оқушылары мен «Жас сақшы» бағдарламасының кадеттері қатысты.

Салтанатты бөлім сапқа тұру мен қонақтарды қарсы алудан басталды. Балалар Ішкі істер министрінің бейнеқұттықтауын көріп, ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековтің жылы лебіздерін тыңдады.

Содан кейін оқушылар әртүрлі тақырыптық алаңдарға бөлініп, түрлі іс-шараларға қатысты. Бірі шахмат пен үстел теннисінен сайысса, енді бірі интернет қауіпсіздігіне арналған викторинаға қатысты. Жас қатысушыларға интернеттегі алаяқтарды қалай тану және жеке мәліметтерді қалай қорғау керектігі түсіндірілді.

Өз-өзін қорғау бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ есірткіге қарсы профилактикалық сабақтар ерекше қызығушылық тудырды. Кадеттер полиция қызметкерлері дайындаған стендтерді, бейнематериалдарды және арнайы көрмелерді қызыға тамашалады.

Іс-шараның шарықтау шегі – (СОБР) арнайы жасағының көрнекі көрсетілімі болды. Олар шартты қылмыскерлерді ұстау, жауынгерлік тәсілдер мен бірлескен тактикалық әрекеттерді көрсетті. Сонымен қатар, арнайы техника көрмесі мен жол қауіпсіздігі акциясы балалардың көңілінен шықты.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерге полиция қызметінің маңызын, оның жауапкершілігі мен қаһармандық рухын түсінуге көмектеседі. Қатысушылар жарқын әсер алды, ал кейбіреулері болашақ мамандығын таңдап үлгерген де болар.

#Қазақстанбалалары

Сұхбат

PhotoRoom