23.05.2025 в 12:39

Қаражал қаласының мәдениет қызметкерлері кәсіби мерекелерінде марапатталды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қаражал қаласының әкімі Айқын Қылышұлы Елеусізов өңірдің мәдениет саласында табанды еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Салтанатты шара барысында қала басшысы мәдениет майталмандарына алғыс білдіріп, олардың ел руханияты мен өнерінің дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті. Әкімнің айтуынша, мәдениет қызметкерлерінің еңбегі – елдің рухани байлығын арттырып, ұлттық болмысты сақтауда аса маңызды.