Қазақмыс игі дәстүрді жалғастыруда: 500-ден астам оқушы «Жасыл ойындар» эко-акциясына қатысты «Қазақмыс» корпорациясы екінші жыл қатарынан Балқаш, Жезқазған және Сәтпаев өңірлерінің оқушылары үшін «Жасыл ойындар» спорттық эко-акциясын өткізуде. Биыл шараға 500-ден астам бала қатысты.
Акция форматы спорт пен экологияға қамқорлықты біріктіреді. Мектеп оқушылары футболдан, волейболдан және баскетболдан жарысты. Ал 15 мамырда өз мектептерінің аумағындағы сенбіліктерге қатысады.
«Жасыл ойындар» акциясының негізгі мақсаты - балаларды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру және салауатты өмір салтына қызығушылықты дамыту. Біз дәл осындай игі бастамалар арқылы табиғатқа қамқорлық жасап, оның ресурстарын сақтайтын саналы, белсенді ұрпақ қалыптасатынына сенімдіміз. Өйткені балалар - біздің басты құндылығымыз және еліміздің болашағы.